385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 15 келі есірткі саудаламақ болғандар ұсталды

  • 118
  • UPD: 13:30, 03.09.2019
Ақмола облысында 15 келі есірткі саудаламақ болғандар ұсталды inform.kz

Ақмола облысында 15 келіге жуық есірткі саудаламақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, «Көкнәр-2019» жедел алдын алу шарасы кезінде облыс аумағына Жамбыл облысынан есірткі (гашиш) жеткізу жолы кесілді. Есірткі саудасымен айналысқан топты анықтап, ұстау мақсатында Ақмола облысының наркополицейлері екі апта бойы  кешенді шара жүргізген.

«Биылғы жылғы тамыздың 30-да Ерейментау ауданының аумағында жүргізілген арнайы алдын алу шарасы кезінде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны ұсталып, одан 1,8 грамм гашиш салынған қағаз бума алынды. Ал, оның көлігін тексеру кезінде иісшіл иттің көмегімен төрт бумаға бөлініп салынған, жалпы салмағы  3 келі 988 грамм гашиш табылды», – дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Бұдан бөлек, аудан аумағында есірткі саудасымен айналысқан жергілікті екі тұрғын ұсталды.

«Оның бірінің жұмыс орнын тінту барысында бірнеше бөліп қағаз бумаға салынған 900 грамм есірткі табылса, екінші күдіктінің үйінен есірткі затын пайдаланатын жасанды аспап алынды. Сол күні астана іргесіндегі аудан аумағында Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Оның жеке заттарын тінту кезінде спорттық сөмкесінен 10 келі қара сора табылды. Күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды»,– деп толықтырды ведомстводан.

Хабар 24 телеарнасы