389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында «Ауыл - ел бесігі» жобасы жалғасады

  • 399
  • UPD: 14:58, 03.09.2019
Жамбыл облысында «Ауыл - ел бесігі» жобасы жалғасады

Ауылға көңіл бөлу арқылы ауыл шаруашылығы саласының нәтижелілігін арттыру бұл - стратегиялық бағыт.

Ал «Ауыл – ел бесігі» жобасы оның негізгі тетігі. Мемлекет басшысының алғашқы жолдауын мұқият көріп шыққан жамбылдықтар осындай пікір білдіріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бағдарлама өңірде қазірдің өзінде жемісті жүзеге асырылуда. Оған аймақтағы Төле би, Аса және Сарыкемер елді мекендері еніп, 108 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл мақсатта республикалық және облыстық бюджеттен 3  миллиард теңге қарастырылған. Қазір облыс бойынша 31 нысан толықтай аяқталды. 

Гүлдана Жауынбекова, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

- Президентіміз 2020-2024 жылдарға осы «Ауыл –ел бесігі» жобасын қаржыландыруды үш есеге көтеріп, ауылдық елді мекендерімізді қамту санын арттыруға бағыттап отыр. Республика тарапынан 373 елді мекеннің қазіргі өңірлік стандартын әзірленді. Сол өңірлік стандартқа сәйкестендіру жұмыстары басталып кетті. Осы сәйкестендіру бағытында бізде 62 тіректі елді мекендер таңдалып алынды. Алдағы уақытта осы 62 тіректі елді мекендерді қаржыландыруға бағыттайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы