387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дамуы ерекше балаларды қоғамға бейімдейтін бірден бір орын – мектеп

  • 157
  • UPD: 22:47, 03.09.2019

Жеті жасар Әбілмансұр қыркүйектің бірінде бірінші сыныпқа барды. Бір жас сегіз айлығында кохлиарлы аппарат имплантталғандықтан бұл оның отбасы үшін үлкен жетістік.

Ол үш жасынан бастап психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне барған. Мамандардың жүйелі жұмысының, ата-анасының күш-жігері мен баланың шыдамдылығы мен ынтасының арқасында осындай нәтижеге қол жеткізілді.

Бүгінгі күні Әбілмансұр естиді, оқи да, жаза да алады.

Психологиялық педагогикалық түзету кабинеттері мен жалпы білім беру мектептері педагогтарының айтуынша, әлеуметтендіру - ол тұлғаны қалыптастыру процесі. Сондықтан дамуы ерекше балаларды қоғамға бейімдейтін бірден бір орын мектеп болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы