389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА өкілдері Президент жолдауына қатысты пікірімен бөлісті

  • 286
  • UPD: 19:50, 03.09.2019
ҚХА өкілдері Президент жолдауына қатысты пікірімен бөлісті

Президент жолдауын толықтай жүзеге асыру үшін қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету керек.

Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында айтылды. Сондықтан бұл институт ұрыс-керіс пен тәртіпсіздікті болдырмау үшін бар күш-жігерін жұмсамақ. Өйткені ел ішінде алауыздық болса, ешбір реформа іске аспайды, дейді Ассамблея мүшелері.

Юсуп Келигов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

- Бүгінде посткеңестік кеңістіктегі кейбір мемлекеттерде ұлтаралық араздық барын көріп отырмыз. Мұнда халықтар бірлігін қамтамасыз ететін нақты стратегия жоқ. Сондықтан қанша жерден елдің дамуына күш салсаң да, бұл жұмыс зая кететіні анық. Ал Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған басымдықтар баршылық. Біз бұл міндеттерді орындауға барынша ат салысамыз.

Хабар 24 телеарнасы