387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында аз қамтылған төрт отбасыға пәтер тарту етілді

  • 154
  • UPD: 22:03, 03.09.2019

Маңғыстау облысының Шетпе елді мекенінде аз қамтылған төрт отбасыға пәтер тарту етілді.

Өңірде көмекке зәру жанұяға асарлатып үй салып беру игі дәстүрге айналған. «Әр қазақ менің жалғызым» деп аталатын акция аясында Қосбұлақ шағын ауданында екі айда жаңа баспана бой көтерді. Құрылыс жұмыстарына тұрғындардан бөлек жергілікті мекеме-кәсіпорын ұжымдары да белсене атсалысты. Меценаттар құрылысқа қажетті материалдарды жеткізіп беріп, қаржылай да қолдау көрсетті. Қайырымдылық бастама авторлары енді Ақтауға көршілес аудандағы тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын созбақ.

Жұлдыз Оңайбаева, ауыл тұрғыны:

- Төрт балам бар. Жолдасым екінші топтағы мүгедек. Үй сұрап жүргеніме 3-4 жыл болған еді. Міне, шүкір Аллаға бізге үй берді. Қуаныштымыз. Балаларымыз да қуанып жатыр.

Жанна Аманқұлова, қайырымдылық қор директоры:

- Тұрғын үй құрылысына атсалысқан аудан халқына, аудан әкімдігіне алғысымызды білдіреміз. Ризашылығымыз шексіз. Төрт отбасының төртеуі де әлеуметтік қолдауды қажет ететін, баспанасы жоқ мүгедек жандар. Осы іске асырылып жатқан үлкен жоба алдағы уақытта Маңғыстау көлемінде, соның ішінде Мұнайлы ауданына табыс етілді.

Хабар 24 телеарнасы