389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық мұнай компаниялары жас таланттар байқауын ұйымдастырды

  • 202
  • UPD: 23:11, 03.09.2019

Отандық мұнай компаниялары - «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ мен  «Теңізшевройл» ЖШС қайырымдылық қаражаты есебінен «Jas tolqyn» жас таланттар байқауын ұйымдастыруда.

Байқауға еліміздің батыс аймақтарындағы 4 облыста тұратын жас, дарынды балалар қатысады.

Алғашқы кезеңі маусым айында басталған байқаудың екінші кезеңі 1-5 қазан аралығында Атырау қаласында өтеді. Өнер додасына қатысушылардың барлық шығынын демеуші компаниялар өз мойнына алған. Атап айту қажет байқау - Қазақстандағы мұнай өнеркәсібінің 120 жылдығы  сондай-ақ Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен жарияланған Жастар жылы аясында өткізілуде.

Байқау елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырғанымен 20 жылдық тарихы бар.  «Каспий құбыр консорциумының» дарынды балаларға арналған байқауы Ресей аумағында жыл сайын өтеді. Биыл алғаш рет аумақтық шекерасын кеңейтіп, халықаралық дәрежеге  болды. 

Қайыргелді Қабылдин, «Каспий құбыр консориумы» АҚ Бас директорының орынбасары:

- Болашақта осындай конкурс біздің Қазақстанның жас балаларының арасында  үлкен-үлкен таланттардың жұлдыздарын жарқыратып дүние жүзіне белгілі, дүние жүзіне осындай атағы шығатын балалар үлкен артист болады деп мен сенім білдіремін. 

Байқауға 9-18 жас арасында жарты мыңнан астам жасөспірім өтініш берген. Олардың арасында шалғай ауылдардан келген балаларда бар. Байқаудың мақсаты  дарынды балаларды анықтап өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, қолдау көрсету.  Қатысушылар «Хореография», «Вокал»  «Аспаптық жанр» атылымдары бойынша бақ сынасады.

Рзабек Артығалиев, «ТШО» ЖШС үкімет және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері:

- Кішкентай мына балаларымыздан ертең үлкен жұлдыз жарқырап шығатын шығар. Сондықтан мұндай жерде мына өзіміздің қазақтың балаларын үлкен дәрежеге көтеру, қолдың ұшын беріп мына бастамасында осылай итеріп жіберсек ар жағын өздері табады деп есептейміз.

Жас дарындарға кәсіби оқытушылар, сахна шеберлері және әлемдік деңгейдегі актерлер шеберлік сыныптарын өткізеді. Байқау биылдан бастап дәстүрлі түрде ұйымдастырылмақ. Ал екінші кезеңнің жеңімпаздары 26-30 қазан аралығында Мәскеуде өтетін мәдени форумға жолдама алады.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы