389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде жолаушы тасымалдайтын автобустар ауаны ластап жүр

  • 199
  • UPD: 23:20, 03.09.2019

Өскеменде жолаушылар тасымалымен айналысатын 200 автобустың 75-інде тиісті экологиялық талаптар сақталмайды. Арнайы рейд жүргізген сарапшылар осындай жайтты анықтады. 

Енді бұл іске табиғат қорғау саласының қызметкерлері араласпақ. Осылайша олар қоғамдық көліктердің жүру кестесін анықтап, апатты жағдайдағы автобустардың  жолға шығуына шектеу қою туралы мәселе көтермек. 

Газ мөлшерін анықтайтын құралдары бар бұл азаматтардың  жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген көліктерді нысанаға алғанына екі апта болды. Сарапшы топ әр көліктің газ шығаратын трубасына үңілуге дайын. Өлшемдер көңіл көншітпейді. Әрбір 3-автобус шектен тыс улы газ шығарып, ауаны ластауда. Кейбірі тіпті әбден ескіріп кеткен.

- У этого автобуса светопропускаемость составил 0% -это в 10  раз превышение возможного.

Рейдке қатысқан полиция қызметкерлерін бұл  көрсеткіштер аса таң қалдырмады. Өскеменнің автопаркі әбден тозған. Ондағы кейбір көліктердің желіде  жүргеніне 20 жылдан асқан.Сондықтан экологиялық  талап үдесінен шыға алмасы белгілі. Алайда бұндай көлік рульінде отырғандарға 2-5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айппұл салынды.Автопарк иелеріне де  шара қолданылады.

Әсел Әміренова, қалалық ПБ баспасөз хатшысы:

- Автопарк иелеріне де осындай хаттамалар толтырылатын болады,.Бұл рейд шарасы тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.

Ал экологтардың қолында нақты деректер сайрап тұр. Автобустардың түтінінен көміртек, формальдегид сынды 450-ден астам қауіпті қоспалар табылған. Сондықтан олар бұл істі соңына дейін жеткізіп, тым ескі әрі апатты жағдайдағы қоғамдық көліктерді қолданыстан алдыруға ниетті.

Дмитрий Корешков, облыстық экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы:

- Жұмыс тобы құрылады,оның құрамында әкімдік өкілдері қоғам белсенділері бар. Осылайша бұл келеңсіздікті жоюдың барлық амалдарын қарастырамыз.

Қала әкімдігі болса муниципальді автопарк құруды жоспарлап отыр.Осылайша жекменшік және мемлекеттік серіктестік негізінде жаңа автобустар сатып алынып, олар жекеменшік ұйымдарға жалға беріледі. 

Владимир Землянский, қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Қаладағы қоғамдық көліктердің  паркін жаңарту туралы  жоспар қарастырылып жатыр. Шамамен  85 жаңа автобус сатып алынады. Олар тасымалдаушы тарапқа  жалға берілуі мүмкін.

Автобус паркі келер жылдың алғашқы жартысында жаңартылады деп көзделуде. Әзірге шыдам мен күтуден  өзге амал жоқ. Ескі көліктерді қолданыстан алу мәселені одан сайын ушықтыруы мүмкін. Өйткені қазір қалада онсыз да  қоғамдық көлік жетіспейді.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы