387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 8 айдың ішінде жасөспірімдерге қатысты 147 қылмыстық іс тіркелген

  • 117
ШҚО-да 8 айдың ішінде жасөспірімдерге қатысты 147 қылмыстық іс тіркелген Zakon.kz

Шығысқазақстандық полиция қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстық істер санын барынша азайтуға мүдделі.

Бұл үшін олар жергілікті мектептермен және мектепке дейінгі ұйымдармен жүргізілетін шаралар барысын жетілдіруді көздеп отыр. Айта кету керек, биылғы 8 айдың ішінде өңірде жасөспірімдерге қатысты 147 қылмыстық іс тіркелген екен. Бұл өткен жылдың осы уақытындағы көрсеткішпен салыстырғанда 12 процентке төмен. Тәртіп сақшылары енді мектеп және балабақша басшылары, әлеуметтік қызметкерлер және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірге балаларды қорғаудың модулін ойластыруда.

Дәуір Ибраев, Өскемен қалалық полиция басқармасының бастығы:

– Біздің мақсатымыз – осыған дейін атқарылып келген шараларды пысықтау. Кемшін тұстарды жетілдіру. Мектеп инспекторлары, директорлар, білім беру ұйымдары өкілдерінің өзара әріптестігін бұрынғыдан да нығайту.Қазір тәрбиелік жағы төмен отбасы ретінде есепте тұрған бірнеше отбасымен жұмыс күшейтіліп, алдын алу шаралары атқарылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы