387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында жол апаты кезінде балалардың зардап шегу деректері көбейген

  • 123
Ақтөбе облысында жол апаты кезінде балалардың зардап шегу деректері көбейген Днепр - Politeka.net

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы биылғы сегіз айда 46 процентке өсті.

Салдарынан қаза тапқан және жарақат алғандардың саны да артты. Әсіресе, балалардың зардап шегу деректері көбейген. Қазір тәртіпті күшейту үшін «Абайлаңыз, балалар» атты жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр. Мектеп оқушыларымен жұмыс күшейтіліп, оларға жол ережесін сақтау талаптары түсіндірілуде. Жас сақшылар жолды кесіп өтуде және көлік қозғалысы барысында ескерілуі тиіс ережелерді насихаттап жүр. Айта кетейік, бүгінде бұл шара бүкіл республика көлемінде өтіп жатыр. Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Атығай Арыстанов, облыстық ПД бастығы:

– 8 айдың қортындысы бойынша Ақтөбе облысында балалардың қатысуымен 112 жол көлік оқиғасы тіркелді. Оқиғаға орай 10 бала қайтыс болды. 83-і жарақат алды. Жалпы 403 облыс бойынша мектеп бар. Соның 84-і осы Ақтөбе қаласында. Мектептерде полиция қызметкерлері, патрульдік полиция қызметкерлері акция бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы