387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда жыл соңына дейін төрт спорт алаңы қолданысқа беріледі

  • 108
Ақтауда жыл соңына дейін төрт спорт алаңы қолданысқа беріледі

Ақтаулықтар спорттық инфрақұрылымдарды жаңғыртуға бір кісідей жұмылған.

Мәселен, жыл соңына дейін балалар мен ересектерге арналған төрт спорт алаңы қайта қолданысқа беріледі. Осы мақсатқа 70 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген. Тағы үш алаңқайды қалпына келтіруге жеке инвестиция жұмсалуда. Жалпы Каспий жағасында тұрған қалада 109 спорт алаңы бар. Олардың 43-і ағымдағы және күрделі жөндеуді қажет етеді. Ортақ іске меценаттар араласқалы бері бірқатар шағын аудан іші жаңарып қалды. Таяуда 13-мөлтек аудандағы спорт алаңы балаларға есігін айқара ашты. Қайырымды азамат бұл жобаға 13 млн қаражат құйған.

Санжар Әлімжан, оқушы:

– Бұрын біз балалар жиналып, басқа шағын аудандарға баратынбыз. Және мектеп ауласындағы алаңға барып ойнаушы едік. Бұл жердегі ауланың жабындысы – резеңке. Құлағанда өте ыңғайлы және еш жерін ауырмайды.

Алмас Ғұбайдуллин, меценат:

– Мұнда тек футбол алаңына ғана емес, көше воркаутына қажетті құрал-жабдықтарды да алып берді. Әрине, осындай игі істен көпшілік үлгі алса, қала ішіндегі көптеген ойын алаңдарының тез арада жөнделері анық.

Хабар 24 телеарнасы