389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Равшан Назаров: Жолдаудағы бес басымдық Қазақстанның сыртқы саясаттағы белсенділігін арттырады

  • 197
  • UPD: 11:17, 04.09.2019
Равшан Назаров: Жолдаудағы бес басымдық Қазақстанның сыртқы саясаттағы белсенділігін арттырады

Жолдауда айтылған бес басымдық Қазақстанның сыртқы саясаттағы белсенділігін арттырады.

Ал бағаның тепе-теңдігі өзге елдердің экономикасына да оң ықпал етеді, дейді өзбекстандық сарапшы Равшан Назаров. Өйткені қазірдің өзінде Қазақстанда жасалған тауардың кез келген түрі көрші ел нарығында үлкен сұранысқа ие. Президент пәрмен беріп отырған шағын және орта бизнес экономиканың негізгі тетігіне айналып қана қоймай, екі ел арасындағы тауар айналымын 5 миллиард АҚШ долларына жеткізуге де көмектеседі. Өткен жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2 миллиард АҚШ долларынан асып жығылған. Ал биылғы жылдың алғашқы тоқсанында барлық саладағы көрсеткіш 30 пайызға артқан. Бауырлас елдер арасындағы аймақтық ынтымақтастық пен көліктік логистикалық қызмет барыс-келісті жақсартып, шекарадағы кедергілерді жойды, дейді Өзбекстан сарапшылар қоғамдастығыңын өкілі.

Равшан Назаров, сарапшы:

– Маңызды құжат негізінен көптеген тармақтағы тарсформация үрдісімен астасып жатыр. Қайта құру әсіресе әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістерге көбірек негізделген. Инфрақұрлымының дамуы. Мұның барлығы тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының ішкі жағдайда ғана емес, сонымен бірге аймақтағы өзге де мемлекеттермен қатар бүкіл қоғамдық байланысқа тікелей оң әсер етеді.

Хабар 24 телеарнасы