389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада шомылу маусымында 18 адам қаза болды

  • 160
Елордада шомылу маусымында 18 адам қаза болды

Нұр-Сұлтан қаласында 1 маусымнан басталған шомылу маусымында 18 адам суға кеттi.

Бұл туралы қалалық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицерi Эльдор Райымбеков мəлiм еттi, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Жыл басынан бері қаланың су айдындарында қаза болған 18 адамның біреуi – бала. Бұл бала жақында Ақбұлақ ɵзенiнiң жағасында кɵз жұмды. Ол ата-анасының назарынан тыс қалған. Статистика бойынша 2018 жылы 19 адам суға кетсе, оның 9-ы бүлдiршiн болатын. Жыл басынан бері құтқарушылар 24 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарып қалды. Қаза болған оқиғаның бəрi дерлiк жабдықталмаған əрi тыйым салынған орындарда тiркелдi», – дейдi Эльдор Райымбеков.

Оның айтуынша, қайғылы оқиғалар көп жағдайда адамның тым сенiмдiлiгiнiң, өз мүмкіндігiн шамалай алмаудан, тиiстi ережелердi сақтамаудан, тыйым салынған және бейтаныс жерлерде шомылу, балаларды қараусыз қалдыру салдарынан орын алады.

«Жақында қала сыртындағы Нұра каналына рейд жүргiздiк. Былтыр ол орында 9 бала қаза болған. Тиiсiнше арнайы тақтайшалар орнатып, ескерту белгiлерiн қойдық. Биыл сол жерде ата-аналар балаларымен емiн-еркiн суға түсiп жүр. Ата-аналары сол жерде əкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды. Биыл шомылу маусымында 31 адам əкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды», – дейдi ол.

Айтуынша, ерiктiлермен қоса Жұмыспен қамту орталығынан кəмелетке толған 20 адам рейд жүргiзген. Қала бойынша 23 суға түсетiн орын болса, оның үшеуi ғана бекiтiлiптi. Қалғанына тыйым салынған. Ендi ТЖД мамандары келер жылы суға түсетiн орындарды аттыру бойынша тиiстi жұмыстар жүргiзбек.

Хабар 24 телеарнасы