387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нобель сыйлығының номинанты тың бастама көтерді

  • 139
  • UPD: 14:14, 04.09.2019

«Азия поэзияның жаңа толқынын бастау керек». Форумда Нобель сыйлығының номинанты, моңғол ақыны Гомбожавын Мэнд Ооёо осылай деді. Қаламгердің айтуынша, адамзат өркениетінің поэзия теңізінен терген жауһары секілді антология мәдениетіне Азияның да ұсынар айрықша жаңалықтары енуі керек.

Әуелі Азия құрлығы елдерінің поэзия антологиясы көп тілге тәржімаланғаны жөн.

Гомбожавын Мэнд Ооёо, Нобель сыйлығының номинанты, моңғол ақыны:

– Біз қашанға дейін Батыстың қабағына қарап, телміреміз. «Батыс деген батыс, шығыс деген шығыс – бір-біріне еш қарамайтын тұс» деп Киплинг айтып кеткен. Бөліп-жармай, әлем әдебиетінің ұлы арнасында әсіре батысшыл үстемдікті өзгерту мақсатында бұл сөзімді түсінулеріңізді сұраймын. Азия әдебиетін қолдауға қатысты тиімді тәсілдерді тауып, айталық, бір белдеулік қор құру арқылы тәржіма және таңдаулы шығармаларды насихаттау – осы құрлықтағы елдердің үкіметтерінің міндеті болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы