386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қабдеш Жұмаділов: Қазақ әдебиеті насихат жағынан кенже қалды

  • 143
  • UPD: 14:16, 04.09.2019

«Біз Азия форумы арқылы қазақ әдебиетінің әлеуетін әлемге танытып, кенже қалған аударма ісін жандандыруды қолға алғанымыз дұрыс», - дейді халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов.

Себебі қазір Қазақстанда шығармашылық өкілдерін насихаттау кемшін. Бүгін елордада басталған құрлық жазушыларының жиыны осы олқылықтарды жоюға бағытталып, қалам ұстаған қауымға тың серпін берері сөзсіз. Форумнан жазушы-драматург Дулат Исабеков те үміт күтеді. «Бұл жиында айтылған әңгімелер адамға ой салады. Түрлі халықтың бүгінгі жай-күйінен хабардар болдық. Осындай отырыстан кейін жаңа шығармалардың нышаны байқалып жатады», - дейді қалам ұстаған қауым.

Қабдеш Жұмаділов, жазушы:

– Бас қосып, ақылдасу керек. Тәжірибе алмасу керек. Бір-бірімізді насихаттауымыз қажет. Мысалы, қазақ әдебиеті насихат жағынан кенже қалды. Аударылу жағынан да кенже. Қазір тәуелсіздіктен кейін бүкіл Азия жазушыларын жинап, солармен бас қосып жатырмыз. Қазақ әдебиетін олар насихатауы керек. Бүгінгі жиналыстың бізге берері осы ғой деймін.

Дулат Исабеков, жазушы:

– Біз ұлы жетістіктерге жете отырып, шығыстың жеті жұлдызын былай қойғанда, неге біз Еуропаның әдебиетіне ұмтыламыз. Соның стиліне ұмтыламыз. Біздің әдебиет одан 3000-4000 мың жыл бұрын басталған ғой. Біз өзімізді Еуропаның шәкірті сияқты сезінеміз. Міне осындай ойлар адамды жетеледі. Енді ертеңнен бастап бірден жаңа шығарма жаза қоймайтын шығар, бірақ осындай ойдың нәтижесінде адам ой түйеді. Өзін жаңа бағытқа сілтейді. Жаңа шығармалардың нышандары байқалуы мүмкін. Форум адамды ойландырады.

Хабар 24 телеарнасы