385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік депутаттар жеке телефондарымен бөлісті

  • 168
  • UPD: 14:18, 04.09.2019
Ақтөбелік депутаттар жеке телефондарымен бөлісті

Байланыста депутат! Ақтөбелік депутаттардың жеке телефондарына тұрғындар кез келген уақытта хабарласа алады.

Әлеуметтік нысандардың құрылысы маңында сол округке жауапты халық қалаулысының байланыс нөмірі жазылған. Жергілікті атқарушы биліктің халықпен тығыз қарым-қатынаста болуы үшін жасалған жағдай. Бұл мәселе ел Президентінің жолдауында да айтылған болатын. Бірінші кезекте жол құрылысы, коммуналдық желілер мен қоғамдық көлік қызметінің сапасы назарда. Мектеп пен балабақша ғимаратының да талапқа сай болуын қатаң бақылауға алған. Сәйкесінше тұрғындардың да қоғамдық жұмысқа белсене атсалысуын күтеді.

Ерлан Тәтімов, қалалық мәслихат депутаты:

– Бұл жерде менің мобильдік телефоным, электрондық адресім бар, соған барлық мәліметті жіберіп отырады. Халықтың мұң-мұқтажын қоғамдық кеңес арқылы я болмаса мәслихаттың қалалық, облыстық депутаттары арқылы билеуші органдарға жеткізуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы