387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазпошта «қағазсыз» қызметтің артықшылығын көре бастады

  • 139
  • UPD: 16:26, 04.09.2019

Электронды құжат айналымы қағазбастылықтан арылтып, жұмысты тиімді жүргізуге септігін тигізіп жатыр.

Аталған жүйе қызметкерлердің уақытын да үндемдей түсті.

«Қазпошта» АҚ-да «қағазсыз» қызметтің артықшылығын көре бастады. Компания HR-процестерін басқаруды «Documentolog» жүйесіне көшіріп, өз жұмысын біршама оңтайландырған, деп хабарлайды «Хабар 24»

«Қазпошта» акционерлік қоғамы құжат алмасудың «Documentolog»  электронды жүйесі арқылы 30-дан аса HR-процестерін автоматтандырып, қаржы үнемдеуге мүмкіндік алды. Нәтижесінде бір жыл ішінде қағазға жұмсалатын 1 жарым млн теңгеге жуық қаражат үнемделді. Компания өкілдерінің айтуынша, бүгінде ұжымдағы қызметкерлер кез келген уақытта өзінің жұмысына қатысты құжаттардың дұрыстығын тексере алады.

 Қайрат Түменбаев, «Қазпошта» АҚ HR – процестерді автоматтандыру жобалық тобының басшысы:

– Өздерінің өтініштерін, тапсырыстарын, іссапарларын немесе еңбек демалыстарын «Documentolog» жүйесіне салады. Оның қай қызметкерде, қай басшыда екенін өздері қарап отырады. Ешқандай құжаттар жоғалмайды. Кімге? Қай кезде қол қойғанын көруге болады.

Қазпошта – еліміздегі ірі компаниялардың қатарына кіреді. Онда 23 мыңнан астам адам қызмет етеді. Аймақтарда 3 жарым мың филиалы және 350 серіктес бөлімшесі бар.

Ақмарал Найзабекова, «Қазпошта» АҚ персонал және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры:

– Қазпошта – цифрлық жүйеге көшкен компания. Біз автоматты басқару табысқа бастайтынын жақсы білеміз. Былтырдан бастап, «Documentolog» жүйесінің HR-процестер қағазсыз түрде жүргізіле бастады. Бұл жылдам шешім қабылдауға, ақпаратқа талдау жасауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта құжат алмасу электронды түрде жүзеге асырылады. Аталған жүйе қаржы мен уақытты үнемдеумен қоса, ашықтық пен жылдамдықты қамтамасыз етеді.

«Documentolog» бағдарламасын шалғайдағы бөлімше мен іссапарда шетелде жүрген қызметкерлер де пайдалана алады. Ол үшін ғаламтор мен электронды цифрлық қолтаңба болса жеткілікті. 

Хабар 24 телеарнасы