386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолдау 2019: Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс

  • 214
  • UPD: 16:24, 04.09.2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында еліміздегі мәдениет саласына жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбей отырғандығын айтқан болатын.

Мемлекет басшысының сала қызметкерлерін қолдауы құптарлық, дейді Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әртістері. Олардың айтуынша, театрдың академиялық атақты алғанына 5 жыл болғанымен, ол үшін актерлар мен актрисаларға төленетін қосымша үстемақы берілмей келеді. Театрдағы жалақының аздығынан білікті режиссер мен жарық қоюшы, тіпті дыбыс әрлеуші тапшы дейді мекеме басшылығы. Айта кетейік, Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрында 150-ге тарта қызметкер болса, оның 60-қа жуығы шығармашылық құрамда еңбек етеді. Ал жастардың саны 40-қа таяу. «Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс» деген Мемлекет басшысының сөзі көңілді демдеп, шабыт берді, дейді олар.

Құпия Рахымбердиева, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының актрисасы, ҚР еңбек сіңірген әртісі:

– Актерлардың жағдайы болуы керек. Жағдайы болса, құлшынып қызмет етеді. Әлеуметтік жағдай тұрақты болса, руханят дамиды.

Бақытгүл Қожамұратова, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының актрисасы:

– Театрдың айлығы көтерілсе, театрда тұрақтылық пайда болады. Тұрақты жұмыс, шығармашылыққа деген көңіл-күй, талпыныс пайда болады. Себебі бүгінгі жалақаның төмендігіне байланысты той бизнесімен айналысып кеткен әртістер көп. Тойға көбірек көңіл бөлінгеннен кейін, шығармашылық ақсап қалып жатады.

Хабар 24 телеарнасы