384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында алғаш рет егілген қант қызылшасынан өнім алынды

  • 339
Павлодар облысында алғаш рет егілген қант қызылшасынан өнім алынды

Павлодар облысы суармалы егіс алқаптарында алғаш рет қант қызылшасын екті.

Тәжірибелік мақсатта салынған өнім келешек құрылысы басталатын қант зауыты үшін шикізат көзіне айналмақ. Жаңа зауыт Ақсудың индустриалды аймағында орын тебеді. Бүгінгі күні кәсіпорынның  технико-экономикалық негіздемелері және құрылыстың жобалары қаралып жатыр. Бірнеше шетелдік инвесторлар қызығушылық танытқан. Ал қант қызылшасының  өнімділігі жоғары. Жуық арада мамандар сараптамаға жібереді. Тәтті түбірдің алты түрінен құрамында қант мөлшері ең көп дегені іріктелмек. Аграрлық сала өкілдері де қант қызылшасын өсірудің тиімділігі зор деп отыр. Өйткені бұл өнім қанттан бөлек мал азығы үшін де жарамды. 

Виктор Рямбов, шаруа қожалығының басшысы:

– Біріншіден қант адамдарға керек. Ал мал шаруашылығы үшін қант зауытынан өнім қалдықтарын алуға болады. Мәселен, қызылшаның сірнесі мен сығындысын мал азығына қолданатын болсақ, мал тез өседі және сүтті көп береді. Бұл – барлық жағынан қажетті өнім.

Балғабай Ибраев, Ақсу қаласының әкімі:

– Қант шығаратын зауыт Ақсу қаласының жанында орналасатын болды. Ол үшін СПК Павлодар жер алқабын өздеріне аударды. Бүгінгі күні жобалық құжаттарын дайындап жатыр. Инвесторлар қызығушылық білдіріп отыр. Қытайдан да бірнеше инвесторлар келіп көріп кетті. Арабтар да көріп кетті. Ресейден де келді.

Хабар 24 телеарнасы