387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Авиация комитеті ұшақ билетінің бағасын төмендету үшін не істемек

  • 164
  • UPD: 18:03, 04.09.2019
Авиация комитеті ұшақ билетінің бағасын төмендету үшін не істемек inform.kz

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа жолдауында республикадағы авиабилеттердің құны аспандап тұрғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті бірқатар шараларды қолға алып, алға қойылған мақсаттарға жету үшін тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлеуде. Бұл жөнінде министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Министрлік авиабилеттің өзіндік құны қандай көрсеткіштерден құралатынын айтып берді. Бағаның едәуір бөлігі авиаотынның құнынан шығады - бұл шамамен 32%, сондай-ақ әуе техникасын пайдалану, әуе кемелерін жалға алғаны үшін төлемдер және тағы басқа елеулі шығындардың да үлесі баршылық.

«Авиациялық отынға қатысты айтарымыз, Қазақстанда барлық үш МӨЗ аяқталғаннан кейін еліміз сырттан тасымалданатын керосин импортына тәуелді болмай қалды. Бұл отын бағасының 95 долларға дейін төмендеуіне бірден әсер етті. Бұдан әрі Қазақстан бағаны төмендету, оның ішінде шетелдік тасымалдаушылар үшін ҚҚС азайту жолдарын іздестіруді жалғастыруды жоспарлап отыр», делінген хабарламада.

Комитетке Еуропа ішіндегі ұшуды мысалға келтіре отырып, ішкі рейстерге авиабилеттердің жоғары құны туралы сұрақтар жиі келіп түсуде. Алайда, Қазақстанның ішкі нарығын ЕО-нан айтарлықтай ерекшеленетін бірқатар факторлар бар.

Атап айтқанда, бұл нарықтың тығыздығы, әуекомпания ойыншыларының саны, Еуропада біздің елге қарағанда лоукостерлер санының едәуір артық екендігі, бұл факторлар салауатты бәсекелестікке және авиабилеттер құнының төмендеуіне ықпал етеді.

«Бірақ, айта кету керек, Қазақстан қалалары арасында үлкен аумақтар мен қашықтықтар бар және Еуропаға қарағанда халықтың тығыздығы төмен. Сондықтан, километраж бойынша ұқсас авиамаршруттарды талдау кезінде мынадай қорытынды жасауға болады. Мысалы, Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша билет құны 22 мың теңгеден басталады. Париж-Рим Еуропадағы қашықтық бойынша ұқсас бағыт, долларлық баламадағы билет құны екі есе асады. Әрине, ЕО-да ұшу кезінде 30-40 минуттан аспайтын қысқа бағыттар көп, бұл соған сәйкес билет бағасына да әсер етеді», деп мәлім етті министрлік.

Осыған қарамастан, көптеген көрсеткіштер бойынша бүгінде Қазақстанда авиаұшулар басқа елдермен, атап айтқанда, Еуропа елдерімен салыстырғанда баға бойынша бәсекеге өте қабілетті.

Хабар 24 телеарнасы