386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында сібір жарасының неден шыққаны анықталып жатыр

  • 135
  • UPD: 22:02, 04.09.2019
Ақмола облысында сібір жарасының неден шыққаны анықталып жатыр

Ақмола облысының Ольгинка ауылында сібір жарасына байланысты жарияланған карантин тоқтатылды.

Бұл туралы облыстағы салалық басқарманың басшысы мәлімдеді. Базарбай Бұлашевтың айтуынша, қазір аусылдан қауіп жоқ. Екі аптадан астам уақыттың ішінде мұнда мал өнімдерін кіргізіп-шығаруға тыйым салынып, осы аралықта барлық санитарлық жұмыстар жүргізілген. Тексерістердің нәтижесінде қауіпті індеттің қоздырғышы қайта анықталмапты. Енді бұл ауылдың малына жылына бір емес, екі рет екпе салынатын болады. Ал малдан сібір жарасын жұқтырып, ауруханаға түкен 5 адам айығып, үйлеріне шыққан. Оқиға орнында он шақты күн жұмыс істеген еліміздегі ғылыми-зерттеу институттарының мамандары малдардың бұл ауруды қалай жұқтырғанын әлі анықтай алмаған. Тек болжам ғана бар.

Базарбай Бұлашев, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

- Олардың болжамы бойынша көпжылғы сібір жарасы көбінділерінің болуы анықталмаған. Екіншісі, жер қазатын кеміргіш жәндіктердің жер астындағы топырақты жер бетіне шығаруы. Үшіншіден, мынау қолданылған вакцинамыздың сапасы жайлы. Бұл қазір вакцинаның сапасы лабораторияда тексерілу үстінде.

Хабар 24 телеарнасы