389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО активінің отырысында алғашқы кезекте орындалатын басты міндеттер талқыланды

  • 224
  • UPD: 22:51, 04.09.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында биліктің барлық тармақтарына нақты тапсырмалар беріп, оларды қысқа мерзімде іске асыруды жүктеді.

Арқаны кеңге салатын уақыт жоқ.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аудан әкімдерін, түрлі сала өкілдері жинап, аймақта алғашқы кезекте орындалатын басты міндеттерді талқылады. Соның бірі ретінде, өлкеде құрылған цифрлы ситуациялық орталық жүйесін ұтымды пайдалануға шақырды.

Әлеуметтік желінің тиімділігін мемлекетттік қызметкерлер жиі пайдалану керек. Өйткені заман соны талап етеді. Сондықтан облыс Әкімі Даниал Ахметов қоластындағыларға цифрлық қабылдау жүргізіп, электронды үкіметтің мүмкіндіктерін жан-жақты қолдануға шақырды. Бұл халық пен билік арасын мейлінше жақындатпақ. Өскеменде осы мақсатта ситуациялық орталық та жұмыс істеуде.

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі

Орталық ендігі жұмыс істеп тұр. Ол Өскемен қаласының барлық саласынан мәлімет жинақтайтын болады. Кейінірек бұндай орталық Семейден де ашылады.

Орталықтан қаладағы жолаушылар тасымалы, денсаулық немесе білім беру бағыты дейсіз бе, барлық саланы бақылауға болады. Жиында облыс әкімі шағын және орта бизнесті қолдауға арналған жеңілдіктермен таныстырды. Шағын бизнеске салық салуға және тексеруге 3 жылға дейін тыйым салу туралы президент шешімі кәсіпкерлерге ерекше серпін беріп отыр.

Аида Әбдірахманова, көп балалы ана:

- Ерінбей жұмыс істеймін деген адамдарға бұл өте бір жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Жұмыс істеп беріп тұрған мүмкініктерді тиімді пайдалана білу керек.

Айта кету керек, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша көп балалы және аз қамтылған отбасылар тарапынан облыста 156 бизнес-жоба қолдау тапқан. Сондай-ақ басқосуда келесі жылдың «Еріктілер жылы» деп аталуына орай жастармен арадағы жұмысты жетілдіруге тапсырмалар берілді.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы