389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет басшысы БҚО-дағы өнеркәсіп кластерінің даму барысымен танысты

  • 194
  • UPD: 23:29, 04.09.2019

Премьер-министр Асқар Мамин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет басшысы ондағы өнеркәсіп кластерінің даму барысымен танысып, мұнай-газ секторындағы кәсіпорындарды аралады.

Кейін тұрғын үй құрылысын көріп, коммуналдық саладағы түйткілді мәселелерге көңіл аударды. Аймақта жыл соңына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1560 пәтер қолданысқа беріледі. Сөйтіп, қала іргесінде бүтін бір жаңа шағын аудан бой көтереді.

Таяуда Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнында газ өндіру көлемі біршама төмендемек. Бұл қайта өңдеу кешенінде жүргізілетін жоспарлы жөндеу жұмыстарымен байланысты.

Айта кету керек, еліміздегі ең ірі кен орны қазақстандық үлесті арттыру мәселесіне ерекше ден қойып отыр.

Эдвин Блом, «КПО» компаниясының бас директоры:

- «КПО» компаниясы тауарлар, жұмыс және қызмет көрсетудегі жергілікті үлесті арттыру бойынша еліміздегі көшбасшы кәсіпорындардың бірі. Біз бұл бағыттағы көрсеткіштерді еселей түсуге мүдделіміз. Өңірдегі ірі жұмыс беруші компанияда қазір 4 мыңнан аса жоғары білікті қазақстандық маман еңбек етеді. Мердігер ұйымдардың өзінде 15 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған.

Үкімет басшысы газды кешенді дайындау қондырғысының жұмысымен де танысты. Бұл кешенде жылына 1,5 миллиард текше метр газ өңделеді. Бірақ әзірге Оралдағы жылу электр орталығына газ Орынбор-Новопсков тармағы арқылы жеткізіліп отыр. Қаланың коммуналдық саласындағы күрделі мәселенің бірі – Жайық өзенінің таяздауына байланысты таза ауызсуының тапшылығы мен жиі істен шығатын кәріз коллекторларына қатысты туындайды. Сондықтан қаланы жерасты су көздерімен қамтуға көшіп, 20 шақырымға жуық кәріз құбырын жедел жаңарту қажет. Асқар Мамин ескі көлік дөңгелегін қайта өңдейтін кәсіпорын мен оралдық ет комбинатында болды. Комбинат ет экспорты бойынша еліміздегі ең ірі нысандардың қатарында. Мұнда ай сайын 700 бас қой және 250 бас ірі қара сойылады.

Мирас Қабдығалиев, өндіріс желісінің меңгерушісі:

- Сойылған мал еттері біздің өнімімізде жоғары технологияда өңіделіп және вакуумдалып, Иран, Қытай, Ресей елдеріне жіберілуде. Бізде мал сою халал түрде өтеді. Біздің өндіріс жалпы қалдықсыз өндіріс болып есептеледі. Және сүйек, қалдық өнімдерінің бәрі бізде өңделеді.

Премьер-министр бұдан кейін жиһаз фабрикасының өнімдерімен және нан өнімдері комбинатының макарон шығаруға арналған жаңа өндірістік желілерімен танысты. Облыстағы өнеркәсіп өнімінің көлемі триллион жарым теңгеге жеткен. Құны 7 миллиард теңге болатын 5 жоба индустрияландыру картасына енді. Осы бағдарлама аясында бірнеше жыл бұрын іске қосылған Орал трансформатор зауыты алдыңғы қатарлы технологиямен жабдықталған аймақтағы іргелі өндіріс ошағы. өткен жылдың қорытындысы бойынша зауытта құны 4,3 миллиард теңге болатын 6700 дана трансформатор жасалған. Дайын өнімнің 90%-і көрші мемлекеттерге экспортталады. Кәсіпорында 600-ден аса адам жұмыспен қамтылған. 

Дәурен Жиренбаев, трансформатор зауытының операторы:

Мен осы Орал қаласына «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға келдім. Биыл оқуды бітірдім, электр энергетика мамандығынның студенті едім. Осында 4 ай дайындалдым, практика өттім осында. Сосын мені осында жұмысқа орналастырды.

Облыста тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, биыл аймақта «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға 13,2 миллиард теңге бөлінген. Қазір құрылысы қызу жүріп жатқан «Ақжайық» шағынауданына келешекте 80 мыңдай тұрғын қоныстанады. Тұрғын үйлер мен коммуникациялық желілер тартуға 830 миллиард теңге көлемінде инвесторлар қаржысы тартылмақ. Мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында апатты деп танылған 4 үй бұзылып, орнына көпқабатты 8 үй салынып жатыр.

Бағдат Азбаев, облыс әкімінің орынбасары:

- Облыс бойынша 17 тұрғын үй құрылысы басталып кетті. Биыл 9 үйді тапсырмаыз, 1000-нан астам пәтер. Енді аудандарда да бізде «Нұрлы жер» бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. 83 үйді биыл бастап, 50 үйді биыл тапсырамыз. Сонда барлығы биыл жыл аяғына 1560 пәтер тапсыратын боламыз. Бұл енд  көбінесе 13 бағыттағы әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар биыл үйге табысты болады.

Аграрлық-техникалық колледжде болған Асқар Мамин нысандар мен ғимараттарды 3D-жобалау жүйесімен және жалпы аймақтағы цифрландыру шеңберінде қолға алынған жұмыстармен танысты.

Хабар 24 телеарнасы