387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейлік саясаттанушылар президент жолдауының басым бағыттарын талқылады

  • 175
  • UPD: 23:43, 04.09.2019

Ресейлік саясаттанушылар Еуразиялық экономикалық одақ елдерін ұлттық компаниялардың тиімділігін көтеру, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша Қазақстан тәжірибесін енгізуге шақырып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәскеуде өткен жиында сарапшылар Қазақстан президенті жолдауының басым бағыттарын талқылады. «Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған жүйелі жоспар тұрмыс сапасы мен халықтың әл-ауқатын көтеруге мүмкіндік береді», - дейді олар. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің ұстанған бағыттары ұқсас. Бұл - цифрландыру, мемлекеттік аппаратқа деген сенімді, сосын шағын және орта бизнесті қолдау арқылы азаматтардың дәулетін арттыру.

Сергей Рекеда, Интеграция мүмкіншіліктерін зерттеу орталығының бас директоры:

- Одаққа мүше барлық ел шағын және орта бизнесті дамыту міндетін қойып отыр. Осылайша, бұл саланы жалпы ішкі өнімнің 40-50% беретін жағдайға жеткізгісі келеді. Көпжақты тұрғыда зерттеуге қызықты болатын құралдар көп. Осы құралдардың біразын Одаққа мүше өзге елдердің де қолдануына болады.

Александр Воробьев, РҒА Шығыстану институтының ғылыми қызметкері:

Экономикасы өсіп-өркендеу үшін серіктестер, қорлар және инвестициялар табу Қазақстанның маңызды бір міндеті болмақ. Бұл тұрғыда тек Ресейді атап отырған жоқпыз, Қытай мен Батыс елдері секілді өзге де әріптестерді қарастырамыз.

 

Хабар 24 телеарнасы