386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Nur-Sultan Jastar Fest фестивалi басталды

  • 134
  • UPD: 23:35, 04.09.2019
Елордада Nur-Sultan Jastar Fest фестивалi басталды astana.gov.kz

Елордада Nur-Sultan Jastar Fest фестивалi өтіп жатыр. Онда жастар спорттың 9 түрiнен сынға түсуде, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Фестивальге Мəдениет жəне спорт министрi Ақтоты Райымқұлова, қала əкiмi Алтай Кɵлгiнов, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серiк Сəпиев пен Олимпиада жүлдегерi Əдiлбек Ниязымбетов және қала тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиында Мəдениет жəне спорт министрi бүгiнгi iс-шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жариялаған «Жастар жылы» аясында ɵтiп жатқанын жеткiздi. 

«Мемлекет басшысы ɵз жолдауында бұқаралық спортты дамыту мен оған қолдау кɵрсетудiң маңыздылығын атап ɵттi. Бұқаралық спорт – Олимпиададағы жетiстiгiмiздiң негiзi. Бүгiнгi жастар – елiмiздiң ертеңгi мақтанышы. Ендi ɵздерiңiзбен бiрге бұқаралық спортты дамытуға атсалысамыз. Бүгiнгi Nur-Sultan Jastar Fest бас қаламызда бастау алып отыр. Ендi бұл челлендждi Алматы қаласына жолдаймыз. Бұл iс-шара елiмiздiң ɵзге де ɵңiрлерiнде жалғасады», – дедi Ақтоты Райымқұлова.

Ɵз кɵзегiнде Алтай Көлгінов мұндай игiлiгi мол шараның астанада бастау алғанын айта отырып, оның ерекшелiгiне тоқталды.

«Спортпен айналысқан адамның денсаулығы да, рухы да мықты болады. Ɵздерiңiздi спортпен тұрақты шұғылдануға шақырамын. Бұл фестиваль осымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта ɵтiп тұрады. Бұқаралық спортты дамыту үшiн бас қаламызда кɵптеген iс-шара ɵткiзiлiп жатыр. Алдағы уақытта күрестен əлем чемпионаты ɵтедi. Ал осы жұмада «Астана марафон» ұйымдастырылады. Бəрiңiздi осы марафонға шақырамын», – дедi Алтай Кɵлгiнов.

Елорда əкiмдiгiнiң алдында ɵткен фестивальде жастар грэпплинг, асық ату, кɵше футболы, арқан тарту, шахмат және басқа да спорт түрлерiнен сынға түстi.

 

Хабар 24 телеарнасы