387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр

  • 140
  • UPD: 07:06, 05.09.2019
Атырау облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр

Атырау облысында да «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыру шаралары басталды.

Оған көп балалы отбасылар, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар толық емес жанұялар, мүгедек баласы бар және табысы 42500 теңгеден аспайтын отбасылар құжат тапсыруда. Несие 20 жылға дейін 2-10 проценттік үстемеақымен беріледі. Президент Жолдауда бағдарламаны жетілдіріп, бірыңғай жүйе әзірлеуді тапсырды. Жалпы Атырау қаласы бойынша аталған бағдарлама аясында тұрғындарға 15 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие беріледі. Бүгінде аймақта бұл санатқа кіретін және кезекте тұрған 8505 тұрғын бар екен. Басты басымдық осы отбасыларға берілді. Ал банк мақұлдаған тұрғындардың алғашқы легі жақын күндері қоныс тойын тойлайтын болады.  

Қуаныш Есекенов, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы бөлімінің бас маманы:

- «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы облысымызға  2 млрд 500 млн теңге қарастырылған болатын. Қала және аудан әкімдіктері тарапынан 264 жолдама беріліп оның 20 сы мақұлданды. Қазіргі сәтте 20 пәтер иелеріне беріледі. Келесі қазан айдың басына бастап қайта жолдама берілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы