387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаудағы аквапарк қауіпті орынға айналды

  • 136
  • UPD: 08:57, 05.09.2019

Ақтаудағы ең ірі аквапарк қауіпті орынға айналды. Теңіз жағалауындағы су сырғанағынан биыл жазда ондаған адам зардап шеккен.

Олардың біразы ауыр халде ауруханаға түсті. Төсек тартып жатқан науқастар қауіпсіздік шаралары сақталмаған демалыс орнын сотқа бермек.

Достарымен аквапаркте демалмақшы болған Серік Қуанышов ауруханадан бір-ақ шықты. Су сырғанағынан құлаған оның сол жақ қабырғалары мен жамбас сүйегінің ұршығы сынып кеткен. Жансақтау бөліміне түскен жігітке шұғыл түрде көмек көрсетіліп, жамбасы салынды. Дәрігерлердің айтуынша Серік әлі бірнеше ай төсек тартып жатуы мүмкін.

Серік Қуанышов, қала тұрғыны:

- Сырғанап жүргенде бір горканың ішінде үлкендеу горка, көкшіл келген, сырғанап келе жатып, балоннан сырғанап кетіп, құладым, стенкасына соғылып, жатып қалдым, қабырғам дем ала алмай, жамбасым сынды. Бірінші көмек көрсетілді. Скорыймен Ақтауға алып келді. Содан бері жатырмыз осы жерде. 

Әнуар Әшір, облыстық аурухананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

- Қазіргі уақытта науқас отаға дайындықта жамбас сүйекке. Скл. Ота жамбас сүйегіне жасалғанан кейін 1,5-2 айдан кейін сүйектің бітісуіне байланысты көреміз. Содан кейін 2-3 айдай реабилитация жүргізіледі. Аяққа тұру әлі жарты жылдай жұмысқа тұру, жүріп кету болмайтын шығар. Серікте ұршық буынының шығуы, ол да артрозға тез алып келудің, инвалидностьқа тіке алып келетін жағдайлар. 

Аталған демалыс орнында биыл жаздағы үш айдың ішінде ондаған демалушы түрлі дене жарақаттарын алып, облыстық аурухананың қабылдау бөліміне түскен. Араларында ауыр халде жеткізілгендері де бар. Бірінің миы шайқалып, нейрохирургия бөліміне жатқызылса, енді бір бөлігінің аяқ-қолы, жамбасы сынып, операция жасалған.

Серік Қуанышов, қала тұрғыны:

- Мен өзім ойлаймын ойын атракционын жабу керек. Мен ол жақтағы бірінші адам емеспін, екінші адам емеспін. Мұндай жағдай болып жатыр, естіп жатырмыз. Адам шығынын да алып келуі мүмкін, жапқан дұрыс болар жалпы. 

Отбасын жалғыз асырап отырған Серік Қуанышов бірнеше айға дейін жұмысқа шыға алмайды. Ол денсаулығы дұрысталған соң қауіпсіздік шараларын сақтамаған аквапарк басшыларын сотқа беруді көздеп отыр.  

Гүлмира Әбішева, тілші:

- Ақтаудан 25 шақырым жердегі демалыс орнында аймақтағы ең ірі әрі ең қымбат аквапарк орналасқан. Онда демалыс күндері ине шаншарға орын болмайды. Күніне 600-ге жуық адам демалады. Су сырғанақтарынан зардап шеккен азаматтардың шағымына орай демалыс базасының басшыларына хабарласып ек, сұхбат беруден бас тартты. 

Авторлары: Гүлмира Әбішева, Саламат Бекбаев

Хабар 24 телеарнасы