389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда тұтқында болған әйел Минскідегі антитеррорлық конференцияға қатысты

  • 158
  • UPD: 09:00, 05.09.2019

Минскте терроризммен күрес бойынша ірі халықаралық конференция өтті. Оған 50-ден астам мемлекеттің өкілдері қатысып, осы саладағы өз тәжірибесімен бөлісті. Басқосуға қазақстандық Аида Сарина да қатысты.

Ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген жүздеген адам алдында жасақшылардың тұтқынында қалай өмір сүргенін баяндап берді.

Аида Сарина 4 жылдан астам уақыт Ирак пен Левант лаңкестік ұйымының тұтқынында болған. Ол 2015-жылдың жазында отбасымен бірге Түркияға демалуға барады. Күйеуі сонда жаңа халифаттағы керемет өмір туралы әңгімелерге алданып, қоныс аударуды шешкен. Бірақ ешқандай кереметтің жоқтығын болар іс болып, бояуы сіңгенде ғана біледі.

Аида Сарина, Қазақстан азаматшасы: 

- Соғыстан еш пайда келмейтінін айқайлап айтқым келіп тұр. Терроризмнен жалғыз өзім ғана зардап шеккен жоқпын. Сириядағы босқындар лагерлерінде жантүршігерлік жағдайда өмір сүріп жатқан жазықсыз әйел мен бала көп. Олар да өз елдері қайтарып алады деп үмітті. 

Бұл істе өзгелерге Қазақстан үлгі көрсетті. Елбасы «Жусан» атты арнайы операцияны өткізуді тапсырып, Сириядан отанына 600-дей адам қайтарылған. Қазақстанда бұл жандар арнайы бейімдеу орталықтарына орналастырылып, үздік мамандардың демеуімен қалыпты өмірді қайта бастайды. 

Станислав Василенко, ҚР СІМ Арнайы тапсырмалар бойынша елшісі:

- Елге қайтарған 600 азаматымыздың 350-ден астамы балалар. Көбісінің ата-анасы қаза тауып, жетім қалған. Бірақ Қазақстанда әжелері мен апалары бар. Оларды қанатының астына алып, жақында бұл балалар мектепке барды. Бұл зайырлы мемлекетіміздің адалдығының кезекті бір айғағы. 

Минскідегі конференция жұмысына 50 ден астам мемлекет пен 9 халықаралық ұйымның өкілдері қатысқан. Шара барысында оншақты бастама қозғалды. Олардың арасында содырлармен күресте халықаралық ұйымдардың күшін біріктіру, Еуропа аймағына орта қашықтықтағы зымырандарды орналастырмау ұсынылған. 

Александр Лукашенко, беларусь президенті:

- Терроризмге төтеп беру - халықаралық қауіпсіздікті бірлесіп қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Бірақ онымен ғана шектелмейді. Қазіргі кезде біз өткен ғасырдың ортасында қалыптасқан осы халықаралық қауіпсіздік іргесінің шайқалғанын байқап отырмыз.   Осының басты себептерінің бірі - елдер арасында өзара сенімнің азаюы. 

Конференцияға қатысушылар ақпараттық технологияларға да назар аударды. Сарапшылар XXI ғасырда Ай-Ти терророизмен күресу де басты мәселе болады деп пайымдайды.  

Авторлары: Алексей Родионов, Константин Никаноров

Хабар 24 телеарнасы