387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент жолдауы азық-түлік қауіпсіздігі үшін маңызды – Н.Мендкович

  • 127
  • UPD: 09:32, 05.09.2019
Президент жолдауы азық-түлік қауіпсіздігі үшін маңызды – Н.Мендкович

Қазақстан Президенті Жолдауында жарияланған басты бағыттың бірі агроөнеркәсіп кешенін дамыту.

Ресейлік сарапшы Никита Мендковичтің пікірінше, Қазақстан мен Ресей Еуразиялық экономикалық Одақтағы ауыл шаруашылық өнімдерінің ірі экспорттаушысы. Сондықтан азық-түлік қауіпсіздігін күшейту мақсатында өзара ынтымақтастықты дамыту қажет. Және шағын және орта фермерлік шаруашылықтарды нығайту үшін инвестиция тарту маңызды.

Никита Мендкович, халықаралық істер бойынша ресейлік кеңес сарапшысы:

- Бұл өзін өзі жұмыспен қамтитын тапты құрудың маңызды көзі. Сонымен қатар тағы да бір елеулі фактор - елдің азық-түлік қауіпсіздігі. Қазақстан бірқатар маңызды ауылшаруашылық өнімдерді посткеңестік кеңістікте экспорттайды. Ешқандай демографиялық және экономикалық өзгерістерге қарамастан елдің ұлттық қуатын нығайту үшін осы мәртебені сақтап қалу өзекті міндет болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы