386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 670 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

  • 81
  • UPD: 14:26, 05.09.2019

Солтүстік Қазақстан облысында шаруалардан 670 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Олармен жалға беру келісім-шарты мерзімінен бұрын бұзылды. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, кейбір диқандар жерге қарамай, астық шығымдылығын төмендетіп жіберген. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтып, игерілмеген ауыл шаруашылығы жерлерін тәркілеу керектігін тапсырған болатын.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Бүгінгі күні соттарда тағы 20 мың гектарға қатысты іс жатыр. Біз оларды мемлекет меншігіне қайтаратын боламыз. Президент нақты жер онда жұмыс істейтіндерге ғана берілу керектігін айтты. Өйткені жер әсіресе Солтүстік Қазақстанның жері одан да көп өнім бере алады.

Хабар 24 телеарнасы