389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сексеуілге қатысты мораторий Арал өңіріндегі жерлерге жақсы әсерін тигізді

  • 196
  • UPD: 14:28, 05.09.2019

2015 жылдан бері еліміз бойынша сексеуіл кесуге жарияланған мораторий Қызылорда облысындағы орман қорының ұлғаюына және сортаң жерлердің елеулі бөлігін қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Бүгінде Арал өңірінің мемлекеттік орман қоры аумағының 7 миллион гектарына жуығы Сексеуіл алқабына тиесілі. Ал барлық орман екпелерінің арасында Сексеуіл үлесі 87 пайыз. Мамандардың мәліметінше, мораторий кезеңінде сексеуіл орман алқаптарында ғана емес, жеке алқаптар мен ауылдық округтердің аумақтарында да көптеп өскен. Онда бұта қорын есепке алу жүргізілмейді. Айта кетейік, биылғы жылдың қаңтар айында шөлде өсетін өсімдікті қорғау шаралары тағы 5 жылға ұзартылды.

 Жандос Әлиев, «Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау» ММ директоры:

- Табиғатқа бұл пайдасы ең біріншіден ғылыми зерттелген нәрсе – бір дана сексеуіл 10 текше метр құмды ұстап тұрады, көшуінен тоқтатып. Бұл өте тиімді нәрсе. Бізде қазіргі естіп жатырсыздар басқа облыстарда осы құм көшкіні көбейіп отыр. Ал бізде бұл сексеуілдің көбеюіне байланысты бұл тоқтатылып тұр. Бір қасиеті сол. Және бұл сексеуілдің бір қасиеті - елді мекендерді отындық мақсатта қамтамасыз етуге.

Хабар 24 телеарнасы