387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зейнетақы жинағындағы ақшаны денсаулыққа жұмсау ұсынылды

  • 132
  • UPD: 14:27, 05.09.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауындағы қазақстандықтардың зейнетақы жинағын мақсатты жұмсау туралы бастамасын кеңейту ұсынылды.

Қаражатты баспана мен білім алуға жұмсап қоймай емделуге де бағыттау жөн болады, дейді қостанайлық сарапшылар. Мысалы, елімізде қолданыстағы әлеуметтік пакетке кірмейтін қымбат операцияны зейнетақы есебінен жасатуға мүмкіндік бар. Егер осындай шешім құпталса, онда шетелдік тәжірибені негізге алуға болады. Сарапшылардың пайымдауынша, ең бастысы, халықты зейнетақы жинағынсыз қалдырмайтын қарапайым механизмді әзірлеу маңызды.        

Андрей Коваль, экономика ғылымдарының кандидаты:

- Мұндай тәжірибе медицина саласы қарқынды дамыған Израиль еліне тән. Зейнетақы жинақтары және дәл осы әлеуметтік пакет бір-бірімен тығыз байланысты. Себебі адам зейнет жасына дейін өмір сүре алмауы мүмкін ғой. Ал негізінен роль осы қаражатты басқара алатын болады.

Хабар 24 телеарнасы