387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұнай өндірісіне қажетті су тапшылығы мәселесі шешілсін – Қ.Тоқаев

  • 162
  • UPD: 17:52, 05.09.2019

Атырау және Маңғыстау облыстарында мұнай өндірісіне қажетті су тапшылығы сезіліп отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін осы күрмеулі мәселені шешу жөнінде де тапсырма берді. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың айтуынша, аймақты сумен қамтамасыз ететін жаңа зауыт салынуы тиіс. Сол арқылы өңір халқы тұтынатын тіршілік нәрінің сапасы да жақсарады. Бұдан бөлек, мұнай-газ секторына жаңа технологиялар мен инвестиция қажет. Сонымен қатар, қара алтынның шетелдік нарыққа заңсыз тасымалы тыйылмай отыр.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы:

- Біз өндіретін мұнай өнімдерінің бағасы тым төмен. Көрші елдердегімен салыстырғанда екі есе арзан. Осы жағдай,көлеңкелі экспортқа әсер етуде. Яғни өнімдеріміз көрші мемлекеттерге заңсыз жолмен жөнелтіліп, ішкі нарықта дефицит туындап отыр. Осыған байланысты, нарықты қорғау жүйесін жетілдіруіміз керек. Мүмкін заңды қатаңдату керек шығар.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ахметжан Есімовтің ұсынысын қолдаймыз. Мұнай өнімдерінің экспортын реттеу мәселесі шын мәнінде бар. Заңды өзгерту қажет. Маңғыстаудағы қара алтын кеніштеріне салықтық жеңілдік жасау жөнінде де жауапты министрлікке тиісті ұсыныстарды әзірлеуді тапсырамын. Осы жиында Парламент депутаттары да бар. Сондықтан мәселенің шешімі тез арада табылады деп ойлаймын. Ал су тапшылығын жоятын зауыт құрылысын жеделдетіп бастау керек. Ұсынысты мен қолдаймын.

 

Хабар 24 телеарнасы