386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтардың 72% Президенттің жолдауын жіті бақылаған

  • 114
  • UPD: 18:12, 05.09.2019

Қазақстандықтардың 72 проценті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы жолдауын жіті бақылаған.

Оларды, әсіресе зейнетақы жинағының 1 бөлігін оқуға не тұрғын үй алуға жұмсау мүмкіндігі қарастырылатыны қуантты. Бірақ Жолдау жайлы мүлде естімегендер де бар. Еуразиялық интеграция институтының әлеуметтік зерттеу орталығы жүргізген сауалнама нәтижесі осындай. Орталық мегаполистермен, қала, ауыл тұрғындарының пікірін назарға алған. Көпшілік бұл жолдаудан үлкен үміт күтіпті. Олар білім саласын реформалау, денсаулық сақтауды жетілдіру сияқты түйткілдердің реттелетініне сенімді. 

Евгения Руднева, еуразиялық интеграция институты әлеуметтік зерттеу орталығының жетекшісі:

– Жолдаудың жарияланғанына аз уақыт өтсе де, біз жедел сауалнама жүргіздік. Тұрғындардың 72,3 проценті жолдаумен жіті танысқан. Айта кетерлігі, қазақстандықтар бұл құжатты әлі де талқылап, халықты мазалаған мәселелердің көтерілгенін айтып отыр.

Хабар 24 телеарнасы