386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысындағы салынып жатқан тас жолда олқылықтар анықталды

  • 136
Қостанай облысындағы салынып жатқан тас жолда олқылықтар анықталды

Қостанай облысындағы Фёдоров және Первомай ауылдарын байланыстыратын аудандық маңызға ие аумақта асфальт төсеу технологиясы бұзылған.

34 шақырым жолды жөндеуге қазынадан 565 миллион теңге бөлінді. Жобаның құрылысы екі жылға шақталған. Қазірдің өзінде биыл төселген асфальт бетонды жабындысының пішіні өзгеріп, кей жерлері жарылып кеткен. Алдын ала бағалау жасаған Ұлттық жол активтері сапасының орталығы мамандары асфальт сынамасын алып, терең зерттеумен айналыспақ.

Абылайхан Алшынбаев, ұлттық жол активтері сапасының орталығы қоф директоры:

– Алынған материалдар біздің зертханада сыналады. Үш-төрт күн аралығында нәтижесі белгілі болады. Оны тапсырыс берушіге жолдаймыз. Келісім қатынастарына сәйкес ол қандай да бір шешімге келеді. Қайткенмен мердігер олқылықтарды өз есебінен жоюға міндетті.

Хабар 24 телеарнасы