389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жазушылар зертханасы ашылуы мүмкін

  • 235
  • UPD: 17:46, 05.09.2019
Елімізде жазушылар зертханасы ашылуы мүмкін

Алдағы уақытта жазушылар лабораториясы ашылуы мүмкін.

Бұл туралы Азия қаламгерлері форумының сессиясында айтылды. Әзірге ұсыныс. Аталған институт құрылса, Азиядағы ақын-жазушылар арасында байланыс орнап, әдебиет жанрлары зерттеледі. Әйтпесе қазір елдердің зиялы қауым өкілдері бір-бірін танымайды. Интеграция жоқ. Байланыс болмаған соң көп әдебиеттер шет тілдерге аударылмай жатыр. Ал жиынға қатысқандардың баяндамалары жинақталып, сегіз тілге тәржімаланады. Сол кезде форум сессиясында айтылған ұсыныстар нақты жүзеге аспақ.

Бауыржан Жақып, ақын, қазақстан жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары:

– Мәселен, жапон әдебиеті мен қытай әдебиеті қандай деңгейде екенін біз білмейміз. Олардың қазіргі жазып жатқан дүниелерін оқысақ, өзімізге аударып, сонда ғана түсінеміз. Сондықтан бұл форумның берері – біздің қазақ әдебиеті Азия елдерінің тілдеріне аударылады. Олардың шығармалары, кітаптары бізге аударылады.

Хабар 24 телеарнасы