386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Полицияда басшылық мансаптағы қызметкерлер аттестациядан өтеді

  • 128
  • UPD: 17:30, 05.09.2019
Полицияда басшылық мансаптағы қызметкерлер аттестациядан өтеді

Қазақстан полициясы сервистік қызметке өтуі керек.

Яғни құқық қорғау саласы жазалаушы емес, жәрдем беруші органға айналуы тиіс. Ең бастысы халықтың полицияға деген сенімін қайтарып, осы саладағы реформаларды қарапайым тұрғындар ғана емес, құқық қорғаушылардың өзі сезінуі қажет. «Полиция муниципальды басқаруға көшіп, ішкі істер министрлігінің бюджеті ашық болуы тиіс», - дейді қоғам белсенділері. Бүгін ішкі істер саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетті талқыға салған мамандар аталған мекемедегі реформалардың баяу жүріп жатқанын да тілге тиек етті. Жиында ішкі істер министрлігінің де есебі тыңдалды. Аталған мекеме толықтай электронды қызметке өту арқылы жемқорлыққа қарсы тұруды көздейді. Қазір бұл көрсеткіш 52 процентті құрайды, жыл аяғына дейін ішкі істер органдарындағы электронды қызметтің көлемін 86 процентке жеткізу жоспарда бар. Сонымен қатар биыл полицияда басшылық мансаптағы қызметкерлер аттестациядан өтеді.  

Алексей Калайчиди, ҚР ішкі істер министрінің орынбасары:

– Біз халықпен ашық қарым-қатынасқа дайынбыз. Қоғамдағы кез келген келеңсіздікке бей-жай қарамаймыз. Биыл басшылық мансаптағы қызметкерлер арасында аттестация өтеді. Олар жан-жақты сынақтан өтіп, маман ретіндегі қабілет-қарымдары сыналады. Басшылардың жүгіріп-секіріп, бұйрық бергені маңызды емес. Олардың қол астындағы қызметкерлермен қарым-қатынасы қандай, күрделі жағдайларда қандай шешімдер қабылдайтыны назарға алынады. Басшылар өз қызметіне сай болмаса тиісті шара қолданамыз.

Хабар 24 телеарнасы