389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да өндірілмеген әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 280 млн теңгеге жеткен

  • 225
БҚО-да өндірілмеген әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 280 млн теңгеге жеткен

Батыс Қазақстан облысында өндірілмеген әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 280 миллион теңгеге жетті.

Мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың қарауындағы іс 20 мыңнан асады. Прокурорлардың тексерісі борышкерлерге қатысты қатаң шаралар қолданылмайтынын көрсетті. Мәселен, істі дер кезінде қозғамау, банкрот болған кәсіпорынға қатысты құжатты қысқартпау, табыстан өндіру туралы қаулыны бақыламау және шет елге шығуға тыйым салмау бойынша фактілер көп.

Бауыржан Ахметжан, облыстық прокурордың аға көмекшісі:

– Тексеріс нәтижесінде 23 сот орындаушысы мен Әділет департаментінің 2 басқарма басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, қадағалау актілерімен 48 млн теңгенің 2,3 мың құжаты орындалды. Қазіргі уақытта сот орындаушылары полициямен бірлесіп қолданыстағы заңнамамен көзделген тәртіпте заң бұзушылықтарды жою және айыппұлдарды өндіру жұмыстарын жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы