386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда итальяндық білікті дәрігер көмей ісігі бар балаларға операция жасады

  • 102
  • UPD: 09:53, 06.09.2019

Алматыда итальяндық білікті дәрігер Роберто Пужеду көмей ісігі бар балаларға операция жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігердің шеберлік дәрістеріне еліміздің мамандарымен қатар Орталық Азия елдерінен келген әріптестері де қатысты. Бұрын мұндай операциялар тек Германия мен Оңтүстік Кореяда жасалып келсе, енді оны біздің мамандар да жан-жақты меңгеруге кірісті.

Алмас Садуақас, тілші:

- «Кейінгі жылдары елімізде балалар арасында көмей аурулары жиі кездесетін болды», - дейді дәрігерлер. Ал, мына операция жасау бөлмесінде 7 жасар қыз бала жатыр. Бұл оның тамағына жасалып отырған үшінші күрделі операция. Көмейіне шыққан папиломалар баланың тынысын тарылтқан. Оларды қанша мәрте тазаланғанымен қайта шыққан. Енді итальяндық дәрігер Роберто Пужеди лазерлік сәулемен көмейде қаптаған қалдарды тазалайды.

Роберто Пужеду, отоларинголог (Италия):

Жоспарымызда 8 операция жасау міндеті тұр. Олардың арасында диагностикалық түрлері де бар. Сол арқылы келесі операция қалай жасау керектігін анықтаймыз. Ал, емдеу операциялары ашық жасалады. Өзімнің тәжірибемде мыңнан астам операция жасадым.

Көмей ауруларын емдеу кезінде өңеш пен жұтқаншақ зақымданбауы керек. Ауыз қуысындағы қабыршықтар толық тазартылып, лазерлік емдеу әдісі қолданылады.  Жалпы көмейдегі ауруларды емдеу ұзаққа созылады. Бір операция екі сағатқа дейін жалғасуы мүмкін. 

Айгүл Медеуова, С.Асфендияров атындағы ҚАЗҰМУ отолорингология кафедрасының меңгерушісі:

- Эндоскопиялық көріністе өте үлкен көлемді ісік бар. Қатерсіз деп ойлаймыз. Болмаса киста деп айтады оны. Бұл жерде интраоперационды біз шешеміз. Неге десеңіз, көлемі үлкен болғандықтан трахиостома салып қалу да мүмкін.

Итальялық дәрігердің шеберлік дәрісі онлайн жүйесінде өткізілуде. Күрделі операцияның қиын тұстарын дәрігер толық баяндап, мұқият түсіндіріп, көрсетіп отырады. Оны онлайн арқылы Өзбекстан, Қырғыстан мен Ресейдегі әріптестері де көре алады.

Авторлары: Алмас Садуақас, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы