387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту орталықтарын көбейту қажет

  • 115
  • UPD: 12:33, 06.09.2019

Елімізде сал ауруына шалдыққан балаларды медициналық және әлеуметтік қолдауға бағытталған шаралар жоспары жасақталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның ішінде балаларға жақын орналасқан шағын және орташа оңалту орталықтарының санын көбейтудің маңызы зор. «Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бірдей мүмкіндік беруге тиіспіз» деген президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында осы міндетті орындау үшін Үкіметке алдағы 3 жылда 58 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлуді тапсырды. Оңалту орталықтарының көбейгенін оралдық сырқат балалардың ата-аналары да асыға күтіп жүр. Мәселен, «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігі арқылы осындай 80 шақты бала көмек алады. Бірақ орынның тарлығына байланысты олардың тиісті ем-домын алуда қиындықтар баршылық.

Айнагүл Есенғалиева, оңалту орталығының әдіскері:

Осы ғимаратта айналысқанымен де мүмкіндік өте шамалы. Себебі әр бөлменің тығыздығына байланысты, ДЦП балалардың жоғарыға көтерілу лифтісі құрылды. Бірақ одан балалар өте қатты дыбыстан шошынады. Аналарға көп күш түседі. Сондықтан мына ғимарат жөніндегі проблема бізде ауқымды бір аналарға өте қажет көмек ретінде қаралатын басты проблема болып саналады.

 

Хабар 24 телеарнасы