386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеул – Нұр-Сұлтан әуе рейсі қайта ашылуы мүмкін

  • 139
  • UPD: 13:26, 06.09.2019
Сеул – Нұр-Сұлтан әуе рейсі қайта ашылуы мүмкін fixromk.com

Оңтүстік Кореяға Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев сапармен барып, инфрақұрылымдық кооперация бойынша жаһандық форумға қатысты.

Және елдің жер, инфрақұрылым және көлік министрінің орынбасары Пак Сон Хомен кездесті.

Берік Қамалиев Сеул-Нұр-Сұлтан бағытында әуе рейстерін қайта ашуды ұсынды. Бұрын Кореяның екінші ірі әуе компаниясы жолаушыларды тасымалдайтын. Бірақ былтыр күзде «Азиана эйрлайнс» компаниясы банкрот болып, әуе қатынасы тоқтап қалды. Енді осы бағытқа «Кориэн эйр» компаниясы қызығушылық танытып отыр. Қазір Нұрсұлтаннан Сеулге қазақстандық компания ұшағы аптасына екі рет қатынайды.

2018 жылы бұл бағдарда жолаушылар саны екі есе артқан.

Берік Қамалиевтің айтуынша, қосымша рейс Оңтүстік Корея азаматтарының Еуропаға қатынауын жеңілдетіп, жерлестерімізге Сеул арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сапар жасауға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы