389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 80 мыңнан астам баланың мүмкіндігі шектеулі

  • 203
  • UPD: 10:22, 06.09.2019
Қазақстанда 80 мыңнан астам баланың мүмкіндігі шектеулі

Ресми мәлімет бойынша елімізде 80 мыңнан астам баланың мүмкіндігі шектеулі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы халыққа жолдауында осы балаларды тәрбиелеп, өсіріп отырған отбасыларға ерекше мән беру керек екенін баса айтты. Мүмкіндігі шектеулі балалар өз қатарларынан кем қалмау үшін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде психологиялық-педагогикалық көмек беретін арнайы кабинет ашылған. Мұнда балабақша жасынан бастап жасөспірімдер де көмек алады. Осындай оңалту курстарынан өткеннен кейін олар жалпы білім беретін мектептің табалдырығын сеніммен аттап, өзін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезіне бастайтыны анық. Жоғарғы оқу орнының доценті Гүлжан Оразаеваның  айтуынша, мұндай көмек инклюзивті қоғам құрудың бір үлгісі.

Гүлжан Оразаева, ҚАЗҰҚПУ әлеуметтік педагогика кафедрасының доценті:

- Бізге ерекше күтім қажет ететін балалар көп келеді. Оларға мұнда логопед, дефектолог, психолог және әлеуметтік педагог мамандары көмек көрсетеді. Олардың міндеті – балалардың әрі қарай қоғамда өз орнын тауып, өзгелермен тең қарым-қатынас орната біле алатын жағдайға жеткізу. Қандай да бір қауіптерге төтеп беруге үйрету. Президент жолдауында көтерген мәселенің бірі осы. Ал біздің мақсатосындай балалармен жұмыс жасай алатын педагог мамандарын дайындау.

Хабар 24 телеарнасы