386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Түркістан облысында 50 тұрғын үй пайдалануға беріледі

  • 119
  • UPD: 11:55, 06.09.2019
Биыл Түркістан облысында 50 тұрғын үй пайдалануға беріледі ернұр.кз

Түркістан облысында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 231 мың шаршы метрді құрайтын 3 413 пәтерлі 64 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде биыл жыл соңына дейін 177,6 мың шаршы метрлік 2 613 пәтерлі 50 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

«Біз бірінші кезекте халықтың аз қамтылған бөлігін баспанамен қамтамасыз етуді жылдамдатуымыз керек», – деп мәлімдеді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР президенті жолдауын іске асыруға арналған облыс актив жиынында мәлімдеді.

Биыл Түркістан облысы үшін тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 550,6 мың шаршы метр, ал құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 102% болып белгіленді.

2019 жылы қаңтар-шілде айларының қорытындысымен Түркістан облысы бойынша барлығы 2950 пәтер тапсырылды, оның ішінде 136 пәтер – қызметтік тұрғын үй (7,7мың ш. м),  840 пәтер – арендалық тұрғын үй РБ (56,5 мың ш.м), 41 пәтер – арендалық тұрғын үй ЖБ (3,5 мың ш.м.), 1933 пәтер – жеке тұрғын үй құрылысы (268,7мың ш. м).

Хабар 24 телеарнасы