386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында биыл аяқталуға тиіс жол құрылысы келесі жылға қалдырылған

  • 148
  • UPD: 13:41, 06.09.2019
Қостанай облысында биыл аяқталуға тиіс жол құрылысы келесі жылға қалдырылған

«Қостанай облысында құны жарты миллиард теңге болатын тас жол салуда өрескел қателіктер бар», - дейді мамандар.

«Хабар 24» тілшілері мен аймақтық «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» тексерушілері көз жеткізген шындық жайында Данияр Сұлтан әңгімелейді.

Фёдоров пен Первомай ауылдарының арақашықтығы 34 шақырым. Жоба бойынша жолдың жартысы биыл жөнделіп бітуі тиіс. Қалғаны келесі жылға шегерілген. Ауа райының қолайсыздығынан қазір техника қаңырап тұр. Ал жол аумағында жұмыс қызу. Жол активтері сапасының ұлттық орталығының сарапшылары тексеріс үстінде. Мердігерге айтар сын көп.

Сұрақ:

- Я понимаю, что вы экономите материал основания дорожной одежды, раскладываете его вот так вдоль проезжей части. И после этого тот материал, который нужен для обочины укрепления, вы его, грубо говоря, не докладываете.

Жауап:

- Нет, нет. Почему? Это совсем не так.

Данияр Сұлтан, тілші:

- Дәл осындай түсініспеушіліктер жөнделіп жатқан жолдың басқа аумағында да туындады. Бұл жерге асфальт жақында төселген. Онда пайда болған шұңқырлар мен үлкен үш жамауға қатысты мердігердің айтар уәжі мынадай.

Артак Аветисян, мердігерлік мекеменің өкілі:

- Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында осы аумаққа астық тиелген жүк көлігі кіріп кетті. «Жол жоқ» деген белгі де қойғанбыз. Алайда жүргізуші оны байқамай қалды. Соның салдарынан жолдың осы аумағына жамауға мәжбүр болдық.

Абылайхан Алшынбаев, «Ұлттық жол активтері сапасының орталығы» ҚОФ директоры:

- Бұл аудандық маңызы бар жол. Жүк таситын көліктер жиі қатынамайды. Жақын маңайда кен шығаратын орындар жоқ.

Аумақты көзбен шолып өткен мамандар арнайы құрал-сайманның көмегіне жүгінді. Әр жерден асфальтты шаршы түрінде кесіп, сынауға қажетті үлгі алынды. Үш үлгінің екеуі қалыңдығы жағынан талаптарға сай келмейтін боп шықты. Асфальт-бетонды қоспаның тығыздығы, суыққа шыдамдылығы және қиыршық тас, құмдардың сапасы осы зертханада тиянақты тексерілмек.

Абылайхан Алшынбаев, «Ұлттық жол активтері сапасының орталығы» ҚОФ директоры:

- Алынған материалдар біздің зертханада сыналады. Үш-төрт күн аралығында нәтижесі белгілі болады. Оны тапсырыс берушіге жолдаймыз. Келісім қатынастарына сәйкес ол қандай да бір шешімге келеді. Қайткенмен мердігер олқылықтарды өз есебінен жоюға міндетті.

Данияр Сұлтан, тілші:

- Құрылыс жұмыстары аяқталғанша облыстағы барлық жергілікті маңызға ие және елді мекендердегі тас жолдар тексеруден өтеді. Шамамен бұл 1500 шақырымдай жол. Басты міндет – жұмыстардың сапалы орындалуы. Кім де кім бұл талаптарды ескермейтін болса, онда келесі жылы тендерге қатыстырылмауы әбден мүмкін.

Авторлары: Данияр Сұлтан, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы