389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда зәулім үйлердің иелері салықтан жалтарып жүр

  • 188
  • UPD: 13:52, 06.09.2019
Алматыда зәулім үйлердің иелері салықтан жалтарып жүр

Тек Медеу ауданы бойынша зәулім үйлер мен қымбат пәтер иелері мемлекетке 34 млн теңге қарыз болса, жалпы қала бойынша 4,5 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қосалқа көшесіндегі мына зәулім үйдің, дұрысы сарайдың иесі мүлік салығы үшін мемлекет қазынасына 1,5 млн теңге қарыз. «Бірақ бұл үйдің бос тұрғанына бірнеше жыл болды», дейді осы үйдің есігін тоздырған салық инспекторлары.

Уәлихан Әлібеков, қалалық мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы:

- Алматы қаласы бойынша бізде 100 мыңдай борышкер бар. 4,5 млрд теңге қарыз. Ол – мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы. Оның ішінде 27 мың адамның жер мен мүлік салығы бойынша 278 млн теңге берешегі бар. Ал, 70 мыңдай адамның 4,2 млрд ол көлік салығына берешектері бар.

Алуа Маханбет, тілші:

- Салықтан жалтарған қожайындардың дені Алатаудың етегінде, зәулім үйде тұратындар. Мысалы, Көк-Төбенің баурайындағы мына үй үшін қожайыны жергілікті бюджетке 1 млн 555 мың теңге қарыз.

Ольга Соколова, қала тұрғыны:

- Бұл үйді мен сатып алғаннан кейін банкке кепілдікке қойдым. Кейіннен қаржылық қиындықтар болып, несиені уақытында өтей алмадым. Содан кейін үйім банкке өтіп кетті. Әрине, мемлекет алдында қарызым бар екенін білемін. Оны толығымен өтеймін.

Ольга Соколова сынды борышкерлер, енді мемлекет алдындағы қарызының барлық сомасын емес, негізгі бөлігін өтесе жеткілікті. Себебі, қазір елімізде жеке тұлғаларға салық рақымшылығы жарияланған.

Уәлихан Әлібеков, қалалық мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы:

- Ол жеке тұлғалар негізгі берешекті төлеген кезде өсімпұл есептен шығарылады. Бұл шара осы жылдың аяғына дейін созылады.

Ал, әзірге бұл тізімге ілінгендердің есепшоттары жабылып, өздері Қазақстан аумағынан алыстай алмайды.

Авторлары: Алуа Маханбет, Нұрдәулет Жақсыбай

Хабар 24 телеарнасы