389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 154 шетел азаматы көші-қон тәртібін бұзды

  • 185
  • UPD: 13:59, 06.09.2019
СҚО-да 154 шетел азаматы көші-қон тәртібін бұзды

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 154 шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 75-і көршілес Ресей Федерациясының тұрғындары болып шықты. Мамандардың айтуы бойынша қонақтардың барлығы да елде жүру тәртібін бұзған. Яғни заң бойынша шетелдіктер 30 күн ішінде тіркелулері қажет еді. Алайда, олардың басым бөлігі бір айдан кейін келіп, тіркеуге тұрған. Қазір осы сынды олқылыққа жол берген 149 адамға ескерту жасалды.

Еділ Қазиев, облыстық пд көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы:

- Көбі заңды дұрыс білмегендіктен, осындай құқықбұзушылықтарға жол беріп жатады. Яғни, шетелдік азаматтар 30 күннен кейін тіркелу керек деп бізге тек 31-күні келеді. Уақыт асып кеткен соң олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Хабар 24 телеарнасы