387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде қандай мәселелер көтерілді?

  • 168
  • UPD: 16:07, 06.09.2019

Жеріміз шетелдіктерге жалға да берілмеуі тиіс. Ал митинг, БАҚ, партия, сайлау және Парламент туралы заңдар түбегейлі жаңартылуы қажет. Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде осындай да мәселелер көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында экономика, саясат және әлеуметтік жұмыс топтарының ұсыныстары тыңдалды. Мәселен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шығыны шаш етектен екенін айтылып, оны қысқарту қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ, еліміздің сыртқы қарыздарына тікелей бақылау орнату үшін ашық реестр құру жөнінде бастама көтерілді. Бұған қоса, мәдениет саласын спорттан бөле-жара қарастырып, қаржыландыру мәселесін мықтап қолға алу ұсынылды.

Хабар 24 телеарнасы