389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Енді полиция қызметкерлерінің имиджі де, қызмет сапасы да жақсармақ

  • 242
  • UPD: 16:14, 06.09.2019

Құқық қорғау жүйесін реформалау саладағы қордаланған мәселелерді анықтап, оны шешудің тиімді жолдарын айқындайды.

Заң ғылымдарының кандидаты Гүлмира Байыркенова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауынан осындай ой түйіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшының айтуынша, енді полиция қызметкерлерінің имиджі де, қызмет сапасы да жақсарады. «Ішкі істер министрлігін реформалауға 173 миллиард теңге бөлініп, негізгі міндеттердің белгіленуі де осыған айғақ», - дейді заң маманы. Мемлекет басшысы атап айтқандай, қомақты қаражат сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және халыққа қызмет көрсету орталығына негізделген фронт-кеңселер ашуға жұмсалады. Бұл шаруалардың барлығы жеме-жемге келгенде жемқорлықтың алдын алып, тәртіп сақшыларының жұмысын ашық көрсетуді көздейді.

Айта кету керек, жалпы облыстағы полиция департаментінің жеке құрамында 4500 қызметкер бар. Ал өңірде 20 фронт-офис жұмыс істеп тұр.

Гүлмира Байыркенова, заң ғылымдарының кандидаты:

- Өкінішке орай статситика бойынша ішкі істер органдарында жемқорлық фактілері жиі тіркеледі. Бұл жағдай халық тарапынан ішікі істер органдарына деген сенімсіздікті туындатады. Сондықтан осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырып, ішкі істер органдары қызметкерлерінің парасаттылығын жоғарлату – қазіргі күнде маңызды мәселе болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы