389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы ұшақ билетінің құнын төмендетудің бірнеше жолын ұсынды

  • 214
  • UPD: 15:27, 06.09.2019
Сарапшы ұшақ билетінің құнын төмендетудің бірнеше жолын ұсынды

Әуе компанияларының әуежай қызметіне жұмсайтын шығыны билеттің өзіндік құнының 7%-інен аспайды.

Бұл туралы «Алматы халықаралық аэропортының» тарифтік саясат және қаржылық бақылау бөлімінің жетекшісі Арнат Ахметжанов мәлімдеді.

Қазақстандық авиакомпаниялар керосинді тікелей өндірушіден алады. Яғни, бұған әуежайдың қатысы жоқ. Сарапшының пікірінше, билет құнына әсер ететін негізгі шығындар бұл ұшақтарды жалға алу, техникалық қызмет көрсету, жұмысшылар мен ұшқыштардың айлығы. Арнат Ахметжанов билет құнын төмендетудің бірнеше жолын ұсынып отыр. Әуелі мемлекет тарифтік саясатты қайтадан бақылауы тиіс. Мұндай шара 2015 жылдың қыркүйегіне дейін қолданылған. Сондай-ақ аэропорт өкілі «жабық аспан» жүйесінен бас тартуды ұсынды. Әзірге Қазақстан ішінде жолаушы тасымалдау құқына тек отандық төрт әуе компания ие. «Алдағы уақытта «ашық аспан» жүйесіне көшіп, шетелдік компаниялардың да ішкі рейстерді жасауына рұқсат беру керек», - дейді маман.

Арнат Ахметжанов, «Алматы халықаралық әуежайы» бөлімінің жетекшісі:

- Бірақ бәсеке әділ болмауы да мүмкін. Өйткені нарықта ірі ойыншылар бар. Алып мұнай компанияларына қарасты әуе компаниялар да жұмыс істейді. Олар демпинг жасап, билет бағасын әдейі арзандатып тастауы мүмкін. Осылайша, кез келген әуе компанияны нарықтан шеттете алады. Біз мұндай мәселелердің барлығын білеміз. Дегенмен, ортақ мәмілеге келіп, әуе билеттерінің бағасын арзандатудың тиімді жолын табуымыз қажет. 

Хабар 24 телеарнасы