387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда Қазақстан халқының тілдері мерекесі өтті

  • 147
  • UPD: 15:35, 06.09.2019
Талдықорғанда Қазақстан халқының тілдері мерекесі өтті

Аталған шараның аясында аймақта жыл бойы өткізілген шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, «Жастар жырлайды» атты жас ақындар мен жазушылар конкурсының лауреаттары анықталып, «Тіл тазалығы», «Жетісу жыр керуені» акциялары қорытындыланды. Сондай-ақ, шарада былтырғы әдебиет байқауы жеңімпаздарының жыр жинағының тұсауы кесілді. Кездесу барысында отандық әдебиеттегі бірқатар проблемалар талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды. Мәселен, жас ақын Мұхтар Күмісбек, жақында өзінің алғашқы кітабын жарыққа шығарған. Бірақ, оны таратудың қаншалықты қиын екенін енді ғана сезініп отыр.

Мұхтар Күмісбек, конкурс жеңімпазы:

Кітап дүкендерінде біздің кітап тұрмайды. Неге? Өйткені бізде жарнама жоқ. Осы бағытта жұмыс жасаса қазіргі басқармалар. Жеке кітабың шыққаннан кейін оны кітап дүкеніне бере алмайсың. Ол үшін арнайы келісім шарттар керек. Ол келісімшарттар үшін арнайы баспа керек. Ол үшін баспа өзінің гонорарын алады. Қазіргі таңдағы үлкен мәселе болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы