389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес береді

  • 389
  • UPD: 16:15, 06.09.2019
Елордада заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес береді elorda.info

Елорда тұрғындарының отбасы-неке қарым-қатынасы, мүлікті бөліске салу, мұралық, еңбек, білім мәселесі бойынша тегін заңнамалық кеңес алуына болады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«7 қыркүйек күні сағат 09:30-дан 13.00-ге дейін «Татуласу» орталығында Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасының адвокаттары елорда тұрғындары үшін отбасы-неке қарым-қатынасы, мүлікті бөліске салу, мұралық, еңбек, білім саласындағы даулар бойынша тегін заң көмегін көрсетеді», – деп хабарлайды елорданың қалалық соты.

Астаналықтарға тегін заңнамалық кеңес Ж.Нәжімеденов көшесі, 10/2 үй мекенжайында орналасқан «Татуласу» орталығында беріледі.

Байланыс телефондары: 77-97-64.

Хабар 24 телеарнасы